Ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірленді. Анықтама: «Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37; «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы №ҚР ДСМ-149/2020, «Қазақстан Республикасында медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49, «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрықтар.
Мәселен, әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінен 4 нозология динамикалық бақылауға жататын аурулар тізбесіне көшеді, оларға МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар, динамикалық бақылауға жататын аурулар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМСшеңберінде көрсетілетін болады.





нашар көретіндерге арналған нұсқа


