Құрметті Қарабалық кентінің тұрғындары, 5 және 6 қыркүйекте облыстық Қан Орталығының мамандары, Қарабалық ауданында донор күндерін өткізеді.
Өткізілетін орны: Қарабалық к., Фабричная көшесі, 2 үй, «Қарабалық аудандық ауруханасы» КМК
Қан Орталығының мамандары барлығынан белсенді қатысуды сұрайды – қан тапсыру медицинада өте қажет, материалдары біздің жерлестеріміздің өмірін сақтап қалу үшін керек.
ДОНОРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:9.00-ден -13.00-ге дейін.
Есіңізде болсын: қан тапсыруға тынығып алып, сау денсаулықпен және өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатпен келу керек.
Донордың қаны: В және С гепатиті инфекциясының, АИТВ-инфекциялары, мерез, бруцеллез бар-жоғына тексеріледі.
Қан тапсырар алдында донор мынадай тамақтану режимін сақтауы тиіс:
1.Қан тапсырар алдында ащы, қуырылған, майлы тағамдарды (сало, май, үй қаймағы, жұмыртқа, сүт, балмұздақ, майлы ет, жемістен-банан) жеуге болмайды.
2.Қан тапсыратын күні таңғы ас жеңіл-желпі болуы керек (тәтті шай нанмен, тоқашпен).
3.Қан тапсырар алдында соңғы 48 сағат бойы спирттік ішімдіктерді ішуге, темекі шегуге тыйым салынады;
4.Қан бергеннен кейін донорға жоғары калориялы витаминделген тамақ, мол сусын ұсынылады.
Донация аяқталғаннан кейін сізге–жұмыстан 2 күнге босату туралы анықтама және + 729 тенге беріледі
https://karabalyk-crb.kz/kz/novosti-kz/507-arabaly-audanynda-donor-k-nderin-tkizedi.html#sigFreeId53c47f46df