«Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ бос қызмет орнына конкурс жариялайды:
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарабалық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бақылау кеңесі мүшесі
Конкурс өткізу күні: хатқалтаны ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
Конкурс өткізу орны: 110000. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, №311 кабинеті: телефон 8 7142 390-517
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарабалық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны мына мекенжай бойынша орналасқан: 110900. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық кенті. Фабричная көшесі 2үй, телефоны: 8(71441)35152
Негізгі қызметі: денсаулықты сақтау және оларды сақтауда кепілдікті қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының консультативтік құқықтарын қамтамасыз ету, жүзеге асыру.
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарабалық аудандық ауруханасы» РМК конкурсқа қатысушыларды ұсыну талаптары:
- жоғары білімі болуы, сондай-ақ, келесі талаптарды қамтиды:
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйым бейіні және/ немесе экономика/ қаржы және(немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау саласында немесе басқару лауазымында ұйым бейіні және/ немесе экономика/ қаржы және(немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысу туралы өтініш ұсыну мерзімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау күні мерзімді басылымдарда конкурс өткізу туралы жарнамасын орналастырған күннен кейін анықталады.
Құжаттарды қабылдау мерзімді басылымдарда конкурс өткізу туралы жарнамасын орналастырған күннен кейін отыз күнтізбелік күннен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініші (еркін нысанда);
2) түйіндеме мемлекеттік және орыс тілдерінде;
3) өмірбаян (еркін нысанда);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаты көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35 бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық санақ және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен берілген сотталмағандығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурс қатысушысы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктігіне (біліктігін арттыру, білімі деңгейі мен атағын, ғылыми жарияланымдарын беру, бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныс беруі туралы құжаттары көшірмесі) қатысты қосымша ақпараттарды ұсынуы тиіс.
Қатысушы хатқалтаға конкурстық өтінім түпнұсқасын салып, оны «Түпнұсқа» деп белгілеп желімдейді. Осы хатқалтада қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мен мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Осыдан кейін хатқалта сыртқы хатқалтада желімделінеді.
Ішкі және сыртқы хатқалталар:
1) «Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ мына мекен-жайы бойынша жіберілуі тиіс: Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, 311 каб.;
2) «Қарабалық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны бақылау комитетінің мүшесі конкурсы» және «2023 жылғы «24 »
маусым сағат 10:00 дейін ашпау» деген сөздер болуы керек.
Конкурстық өтінім бір данадан жіберіледі.
Құжаттарды қабылдауды бастау күні: 2023 жылғы «25» мамыр